Сен Таразға кеткенде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен Таразға кеткенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1333
Тұңғиыққа сен мені
Тастап кеттің деп ұқтым.
Бір қызықты көргелі
Бастап кеттің деп ұқтым,
Деп ұқтым да деміктім.
Тәнім қалып, жанымды
Алып кеттің деп ұқтым.
Ұстай алмай барымды,
Қалып кеттім деп ұқтым,
Деп ұқтым да деміктім.
Қалтыратып қалпымнан,
Жігерімді жасыттың.
Әйтсе-дағы артыңнан
Асып-тағы, сасып-тым.
Тез жетуге асықтым.
Көріп барып өзіңді,
Түсті орнына көңілім.
Ет жүрегім езілді,
Сен екенсің серігім –
Бөлінбейтін бөлігім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері