Мен

Бұл бетте «Мен» атты Ықылас Ожайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1611
Бидайықтың көл шайқаған жалғызы...
(Сүйінішұлы Қазтуған)

Мен, мен едім, мен едім,
Мен дегенім кім еді...
Жаным бір жарық нұр еді,
Жаратқан әмір еткесін
Жарқ етіп олда бір күні
Жатырға келіп түнеді.
Мен ақын деген АҚИҚАТ
Аспаннан түскен қаламмын.
Қағазға тұнған сырымын
Он сегіз мың ғаламның.
Самалымын Құдайдың,
Сиясымын Құранның,
Тамшыдан тәнім дүреген
Топырағымын Тұранның.

Кеудемнің іші КҮН еді
Күмістен еді шүмегі....
Анау бір алас жылдары
Аруана жұрттан алыстап
Көгіме қайғы түнеді.
Ай, аруана жұрт
мен сенің
Қайырылған құстай құтыңның,
Қаңқылдап жеткен үнімін,
Қобыздан қою тілімін...
Күркіреп ағар қаныңның
Күп- күрең түйіршігімін.
Алтайым асқақ ақылым,
Сабырым еді Сарыарқа,
Абайға ғана інімін.
Ханзада қанның тұнығы,
«...Көл шайқаған жалғыздың»...
Көзге бір басар сынығы,
Қазақтың ҚАРАКӨГІМІН.

Мен қазақтың сойы Ықылас
Заманда заман өткенде
Қаныңда туар КҮН едім.
Қара жердің астына
Қайырылмас сапар шекенмен
Қаламның серті біткенмен
Халықпен болар тілегім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өлеңінің авторы кім?

Ықылас Ожайұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ықылас Ожайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері