Көктем боп гүлдеп көзімде – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көктем боп гүлдеп көзімде» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3003
Көктем боп гүлдеп көзімде,
Көңілді талай бұзған бақ.
Қызығым ба еді
Кезінде
Мен үзбей кеткен қызғалдақ?!
Қай жерде?
Қайда жүреді
Езуден қашқан күлкілер?!
Түсіме жиі кіреді
Мен қумай кеткен түлкілер.
Оралмас қайтып қас қағым,
Ойланам ұзақ отырып:
Май шелпек болды басқаға
Мен айтпай қойған өтірік?!
Жайғасып жайлы орынға
Жігіттер кейбір жан сақтар.
Бағым ба әлде, сорым ба
Баз кешкен менен мансаптар?!
Сөзді де,
Беріп жолды да,
Сүймеймін ердің бұққанын.
Өзіме кесел болды ма
Өзгеден молдау ұққаным?!
Қол жайып барып бөтенге,
Қайтты ғой талай меселім.
Тұлпарлар емес,
Тепеңге
Тиімді шығар есегің!
Қумайтын жолды қудым ба,
Құдайым әбден ұрғанда.
Тумайтын жерде тудым ба,
Туатын жерлер тұрғанда!
Өтемін қалай жыр етпей,
Зулаған заман,
Пұрсат бер!
Шаншу боп қалды жүректе
Қапыда кеткен бір сәттер.
Бақыт па қону тұғырға?
Бақыт па қарын тойғаны?
Аз ғана мына ғұмырға
Ақылым жетпей қойғаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем боп гүлдеп көзімде өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көктем боп гүлдеп көзімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем боп гүлдеп көзімде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем боп гүлдеп көзімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері