Таусылғанмен азаматтың амалы

Бұл бетте «Таусылғанмен азаматтың амалы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3792
Таусылғанмен азаматтың амалы,
Тіл таба ма санасыз бен саналы!
Бейбіт күннің өзі майдан деп едім,
Сол сөзімнен қайтқан жоқпын мен әлі.
Сондай тыныш мекендер мен қоныстар,
Қолыңда да қару-жарақ жоқ ұстар.
Қарағанда бірақ өмір-майданға
Соз емес-ау үш жүз жылдық соғыстар!
Айрылып аға менен ападан,
Өледі осал құса менен қападан.
Бір өмірдің ішінде өзі екі өмір,
Бір адамның ішінде өзі екі адам.
Тіршіліктің тазарт бетін опадан.
Түсінесің сонда өлгенді қападан.
Басқа түгіл,
Бітіспейді өзара
Бір адамның ішіндегі екі адам!
Жедді түгіл, шілдеде де бар ызғар,
Жақсыларды жатқызбайды парыздар.
Жайсаңдарды көздеп тұрып,
Жүректен
Жаралайды,
Жаралайды арыздар!
Адам болсаң,
Ар алдында есеп бер!
Ұйқы қашып,
Құлазиды төсектер.
Түнгі оқтардай
Құлағыңның түбінен
Әрлі-берлі зуылдайды өсектер.
Ер боп тусаң,
Міндетіңді бір өткер.
Басып қалған арман қарын күреп көр.
Инфарктар — қойып кеткен динамит,
Дивандарда жарылсын деп жүректер.
Қорамсақта жебең бітіп,
Жақ сынып,
Қинар мүмкін жоқшылық пен тапшылық.
Біз жеңеміз бұл майданда бәрібір,
Біз жеңеміз,
Біз, яки, жақсылық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таусылғанмен азаматтың амалы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Таусылғанмен азаматтың амалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таусылғанмен азаматтың амалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таусылғанмен азаматтың амалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері