Осы – біздің Оңтүстік – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Осы – біздің Оңтүстік» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6533
Қауашағын қақ жарған,
Ақ мақтасы-ақ маржан.
Алмасы аппақ ақықтай,
Жүзімі бар жақұттай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік.
Қарбызы бар келідей,
Қауыны аттың беліндей.
Асқабағы аяқтай,
Пиязы бар табақтай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері