Абайкөк (бірінші нұсқа)
Бұл бетте «Абайкөк (бірінші нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,
Сыр болмайды, жақсыда айтылмайтын.
Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.
Бәрі бірдей сыртынан алтынмын дер,
Отсыз, ойсыз жел сөзбен сарқылмайтын.
Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.
Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы,
Ынтымағы жаманның қосылмайды.
Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.
Алды-артын ойлайтын ер-азамат,
Дүниеге мастанып отырмайды.
Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі