Абайкөк (екінші нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Абайкөк (екінші нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1837
Домбыра екі шекті жұқа қақпақ, ай, абайкөк,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ.

Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!

Кіші – іні, үлкен – аға отырғанда, ай, абайкөк,
Қызыл тіл баяуламай, жоғарлап бақ.

Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!

Домбыра екі шекті қолға алайын, ай, абайкөк,
Қайырып он екі алуан ән салайын.

Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!

Жиылып өңшең құрбы отырғанда, ай, абайкөк,
Мен не ғып бұл қызықтан құр қалайын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері