Бұл бетте «Абайкөк (үшінші нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк,
Шынты көңілің, шын пейілің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі