Айнам-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айнам-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2004
Басың биік Алатау қары кетпес,
Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп жалған барады қапыда-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Басың биік Алатау қары кетпес,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай,
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері