Япырмау-ә – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Япырмау-ә» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1923
Мінгенім дәйім менің сусыл сары-ай,
Сусылдар шапқан сайын аттың жалы-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай-ай,
Өтпейді тамағымнан жалғыз тары-ай.

Япырмау-ә.

Мінгенім дәйім менің ұзын құла ат-ай,
Бұлғынның екі жағы малға суат-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай-ай,
Айтайын әнге салып дәтке қуат-ай.

Япырмау-ә.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері