Айдай
Бұл бетте «Айдай» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұқиттың-ай, мен салайын “Айдайына-ау”,
Бақ берген-ай, ер жігіттің-ау, маңдайына-ай, аһ-ай!
Алшаңдап асау кердей жүргенімде-ай,
Құрбының тап боламын-ай, айдай-ой, қандайына?!
Мұқитта мал дегеннен жалғыз сиыр,
Болады баспағымен екеу биыл.
Мұқиттың шаруамен жұмысы жоқ,
Күнде той жүрген жері, күнде жиын.
Бұл күнде жақсы да жүр, жаман да жүр,
Мал жинап кейбіреулер амалдап жүр.
Оралдан ән оздырған Мұқит ағаң,
Жас жетіп аяғынан шабандап жүр.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі