Ақ айша – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ айша» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 3
  • 5767
Айналайын, қарағым, асыл айым,
Мінезімді несіне жасырайын.
Расыңмен көңіліңді берсең маған,
Бала қаздай жем беріп асырайын.

Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.

Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде.
Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма,
Күндіз-түні сені ойлап шөлдегенде.

Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.


Пікірлер (3)

Нұрым Шыршығұлұлы

Жақсы өлен

Серік Мансұр

Жақсы ән екен базар жоқ мен үйрендім ейтта

Айдар

Өлеңді оқығанда бұрынғы қазақы сезім, қарапайым махаббат бірден сезіледі. Қазіргідей күрделі емес, бәрі таза, шынайы. Әсіресе қайырмасы қайталанып келетін жерлері ән сияқты әсер қалдырады.

Бір жағынан жеңіл оқылады, бірақ ішінде терең сағыныш бар. Сол қарапайым сөздердің өзі ерекше жылы тиеді екен.

Осындай халық өлеңдерін оқығанда бұрынғы заманның рухы сезіледі. Жақсы, жүрекке жақын өлең екен 👍

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері