Өлең, жыр, ақындар

Ақ жайқын көл

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2247
Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ жайқын көл өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақ жайқын көл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақ жайқын көл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ жайқын көл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері