Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2857
Қолыңдағы сақина қалайы ма,
Жаман жүрмес жақсының маңайына.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сөзіңе сөз орнымен келгеніңде,
Сөйлеместен өзіңе қалайын ба?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Тобылғының түбінде ін бар ма екен,
Сүйген жардың мойнында мін бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сағыныштан мен бүгін әнге салдым,
Ақ сәулені көретін күн бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Әуел айлап тағы да әуел айлап,
Аттырмайды ақ бөкен одағайлап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Мына жерде бас қостық осы бүгін,
Бес-алты ауыз өлең айт күліп, ойнап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері