Бұл бетте «Ақ саусақ, қыпша бел /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен дегенде сәулежан, ей, ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.
Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
Бағаласам бағаңа жан жетпейді,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.
Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
Дәйім менің мінгенім қара тал тай,
Неге міндім шіркінді тағалатпай.
Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
Кәмшәт бөрік шекеме қырын киіп,
Жүруші едім мен-дағы жан жаратпай.
Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі