Ақбаян – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақбаян» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5340
Енді есен бол, Баянның қалған елі,
Сен де есен бол, Арқаның қоңыр желі-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Қаз қаңқылдап жататын, қу сұңқылдап,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Баян көлі айнадай мөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері