Ақсұңқар /1-нұсқа/

Бұл бетте «Ақсұңқар /1-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3621
Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсің беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Құдаша, құрамын тор жолыңызға,
Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.
Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,
Қонбасын құладын құс сорымызға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақсұңқар /1-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақсұңқар /1-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақсұңқар /1-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақсұңқар /1-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар