Ал, құрбым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ал, құрбым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2314
Өлеңді айта алмайды жаман адам, ал, құрбым, жан сәулем,
Қуанар малы-басы аман адам, ала жүр, құрбым, шеніңе-ау.
Үйімде ашты-тоқты отырамын, ал, құрбым, жан сәулем,
Тек жүрсе аман-есен бала-шағам, ал, құрбым, шеніңе-ау,
Ендеше қызыл асық, қызыл асық, ал, құрбым, жан сәулем,
Барады қыздар тойға бір-бір басып, ала жүр, құрбым, шеніңе-ай.
Өзіңді көрдім-дағы тұра қалдым, ал, құрбым, жан сәулем,
Тісіңе ақ меруерттей болдым ғашық, ала жүр, құрбым шеніңе-ау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері