Бұл бетте «Алай көк» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсы сөздің басында болмасын дақ, Алай көк,
Бір жаманға басыңды алма шатып, Алай көк.
Бір жаманға басыңды алсаң шатып, Алай көк,
Өле-өлгенше кетпейді-ау жаман атақ, Алай көк.
Ай-ай сәулем, жан-ай деп,
Бір сүйгенім сіз-ай деп.
Болса болар, болмаса қояр,
Көріп алдық сізді-ай деп.
Айналайын көзіңнен бейне ақық, Алай көк,
Дариядай ақылың жатыр шалқып, Алай көк.
Көзім түсіп көзіңе кеткен уақта, Алай көк,
Қорғасындай кетеді-ау, көңілім балқып, Алай көк.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі