Алма мойын – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алма мойын» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3936
Дәйім менің мінгенім шұбалаң кер-ей,
Қос сақина қолымда бұрама зер-ей.

Ей, алма мойын-ай.

Боз аттың болды-ай талай былқылдағы,
Кетпейді қыздың даусы ұйқымдағы.

Ей, алма мойын-ай.

Жүруші ем медеу көріп мен сыртыңнан,
Сүмбедей қара жорға жылқымдағы.

Ей, алма мойын-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері