Бұл бетте «Алтай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұнартып кәрі Алтай бұлт ораған,
Алма бетін ақ қарменен сұлу тау опалаған.
Маржан таққан сәукелең шың басыңа,
Ноқат салып таспенен кербез тау шұбарланған.
Бүгін Алтай,
Жаңарғандай,
Жаңарғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай,
Шаттанғанда-ай!
Азияның Алтайым қазынасы,
Алтын-күміс, мысы мен таусылмас асыл тасы.
Өндірісін Риддер өркендеткен,
Сартылдайды жұмыскер жаңғырған ай балтасы.
Алып Алтай,
Құшағында-ай,
Құшағында-ай,
Ақтарылып ен байлық
Кен шығады-ай,
Кен шығады-ай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі