Алтыбасар – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Алтыбасар» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6270
Ей, қалқа, жан туған жоқ сенен асар,
Бұл түнде кетіп сәулем, халім нашар.
Айрылып сенен, сәулем, қайтқан түні,
Әніне бір басайын, Алтыбасар.

Ей, қалқа, жүруші едің күліп-ойнай,
Ойнаушы ең өзің тиіп ерікке қоймай.
Жігіттер жалған жардан үміттенбе,
Кететін басқаменен сертте тұрмай.

Келуші ем кеш болғанда көңілім түсіп,
Ежелден қадырлестік бірге өсіп.
Астынан ақсаңлақтың аттандырып,
Қалушы ең қолды қысып, есендесіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтыбасар өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Алтыбасар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтыбасар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтыбасар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері