Алтынай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алтынай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3406
Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері