Арман-ай
Бұл бетте «Арман-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ой, дүние, жас уақытта ойнап, күлсек,
Біраз күн көріп қызық, дәурен сүрсек.
Көзіне әркімдердің түсер едік,
Қол жетіп тәуір киіп, жақсы ат мінсек.
Шіркін-ай, шіркін-ай,
Бұл дүниенің қызығы –
Ойнап-күлген дәурен-ай.
Осындай ахахаулар бүгін көрсек,
Бос кеткен өмір екен – ойлап білсек.
Дүниеде қайда жүрсек қор болмаспыз,
Соңынан өнер-білім зыр жүгірсек.
Шіркін-ай, шіркін-ай,
Бұл дүниенің қызығы –
Ойнап-күлген дәурен-ай.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі