Асыл-ай, арман-ай
Бұл бетте «Асыл-ай, арман-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құла тайым, тағы да құла тайым,
Асыл-ай, арман-ай,
Бес қолымның біреуі шынашағым.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Асыл-ай, арман-ай.
Айналайын, шынарым, шырақтарым,
Жоғарыдан келемін заулап түсіп,
Асыл-ай, арман-ай.
Орған қамыс қалады баудай түсіп.
Екеуіңнің қылығың еске түссе,
Асыл-ай, арман-ай.
Жата алмаймын төсекте аунай түсіп.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі