Ахау, керім – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, керім» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 37329
Айналайын, қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай.

[Қайырмасы]
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той
Жүрген жерің.

Ризамын, жан қалқа, сертке жетсең,
Қиын-қыстау жерлерден аман өтсең.
Бір шыбындай жанымды құрбан етем,
Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең.

[Қайырмасы]
Аяй сарым,
Сәуле жаным.
Сағынғанда қайда едің,
Ғашық жарым.
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той
Жүрген жерің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері