Ахау, лилилай-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, лилилай-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1505
Есік алды қара су, қалың жиде,
Көңілім онда болса да көзім үйде.
Ахау, лилилай-ау.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,
Жата алмадым құлазып жалғыз үйде.
Ахау, лилилай-ау.

Ойнап күлген жерінде қамыс қалды,
Қалақатайдың аулы алыс қалды.
Ахау, лилилай-ау.

Алыс қалған аулыңа қараймын деп,
Қаршығадай қайрылып мойным талды.
Ахау, лилилай-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері