Бұл бетте «Ахау, мосым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара көл есік алды түбің ылай, Бітеді емен ағаш жарға құлай. Елдерден алған таңдап едің, әгу Қоспады екеумізді дұшпан сөзі-ай.
Қоянды шалмай алар қара қаншық, Сұңқарға жем тілеген болар талшық. Жігітке нелер кетіп, нелер кетпес, Сыртым су болып жүрмін, баурым балшық.
Келемін тау қиялап төмендетіп, Құйрығын көкшолақтың сүмеңдетіп. Түскенде сен есіме асыл еркем, Қоямын атыңды атап өлеңдетіп.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі