Ахау, Семей – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, Семей» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5921
Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен,
Болмайды жаман – жақсы мақтағанмен.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Сүймесе несі қызық екі жастың,
Күйеу боп босағаны аттағанмен?!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері