Әгегөй – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әгегөй» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1998
Аттың бәрі тумайды-ей бурылдай боп,
Тату өсер бар ма екен құрбыдай боп, әгегөй-ау.
Мен қалқаны сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп, әгегөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай.

Баян таудың басында-ей нар кескенім,
Тал шыбықтай бұралып бірге өскенім, әгәгөй-ау.
Бағаласам бағаңа жан жетпейді.
Шекер шайнап, қолымнан бал жескенім, әгәгөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері