Бұл бетте «Әдемі қыз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.
Ақ көйлек, қара қамзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдем-ау, артық туған.
Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдем-ау, өзің ойлан.
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі