Әпитөк /2-нұсқа/ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әпитөк /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1494
Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,
Хабарсыз кеттің сәулем неге бұлай, Әпитөк.
Жастықтың ауыртпалық толқынында,
Жүрмісің ойда қалып әлдеқалай, Әпитөк.

[Қайырмасы]
Тіл хат жоқ,
Ақша маңдай, қара қас,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Ахау,
Тым болмаса хат пен хабар,
Сөзің жоқ.

Аққудай айдын көлде алтын қаңбақ,
Жүруші ем бір өзіңді мыңға балап, Әпитөк.
Сен кетсең арамыздан алыс жаққа,
Кетпей ме ауылымыздан базар тарқап, Әпитөк.

[Қайырмасы]
Тіл хат жоқ,
Ақша маңдай, қара қас,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Ахау,
Тым болмаса хат пен хабар,
Сөзің жоқ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері