Бұл бетте «Әридай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,
Ақын-салдар құрады бек салтанат-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,
Үлкендерден қалыпты ойын-санат-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,
Қойдың еті тураса болады ұсақ-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Атамыздың атасы өлеңші екен-ей,
Біз де өлеңші болайық, солар құсап-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі