Бұл бетте «Бір ғана» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талдан таяқ жас бала таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Угай-ай,
Ән салшы-ай, бір ғана.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Елдің көркі, ақ тоты бір баласың,
Қай дұшпан көзі қиып жамандасын.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Айналайын, қарағым, келдің қайдан?
Алма мойын, ала үйрек ұшар сайдан.
Угай-ай,
Ән салшы-ай,
Бір ғана.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Мекеніңді, қарағым, айтып қойшы,
Жат болмағы адамның осындайдан.
Угай-ай,
Ән салшы-ай,
Бір ғана.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі