Бөз жаулық – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бөз жаулық» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1495
Көк етігім қонышы тар кие алмаймын,
Әкем менен шешемді қия алмаймын, еркем-ай.

Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.

Мен қайтейін ауылдан кетіп барам,
Бауырларым жас еді, кһп ойлаймын, еркем-ай.

Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.

Асау тайдай алшақтап жүрген басым,
Қандай жанның қолына қаратасың, еркем-ай.

Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері