Түсімде ғана көремін – Alinamutalipova

Бұл бетте «Түсімде ғана көремін» атты Alinamutalipova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түсімде ғана көремін.

Түсіме жиі кіресіз,
Өңімде іздеп сабылам
Түсімде ғана жүресің,
Өңіңде қайдан табылам.
Білмейсіз мені білесіз,
Сізді іздеп күнде сағынам.
Кездессек бәлкім күлесіз,
Түсімде көрем жанымнан.
Түсімде өмір сүресіз,
Уайымнан қалай арылам.

Тұрып қалдыңыз көңілде,
Тұрағың қайда, кім едің?
Көрінші бір рет өңімде,
Өзіңді ойлап жүремін,
Сұрай береді жүрегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар