Гүлдерайым

Бұл бетте «Гүлдерайым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 1
  • 6618
Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын.

Жаз шықты жадыратып майдың айын,
Әніне шырқай кетті Гүлдерайым.
Шығады ащы даусым әнге бассам,
Қарағым, сені есіме алған сайын.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын.


Пікірлер (1)

Аяла

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлдерайым өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Гүлдерайым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлдерайым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлдерайым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері