Бұл бетте «Ғалия» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сақинадай таңдап алған саңлағым,
Топ ішінде дара тұрар ардағым.
Еске түссең, сені ойласам, Ғалия-ау,
Қозғалады жан дүнием, зарларым.
Қозғалады жан дүнием, зарларым.
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың,
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын.
Сезім еді махаббатқа бөленген,
Күнде өртейді сенен қалған от-жалын.
Күнде өртейді сенен қалған от-жалын.
Қалай ғана жүрегімді жандырдың,
Неге мұнша көңілімді қалдырдың.
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын,
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың.
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі