Демалыс – Мұхит Мерәліұлы

Бұл бетте «Демалыс» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4082
Жылқыда сұлусынған қара ала аттай,
Мезгілсіз кеш болғанда жүрдім қатты-ай.

Алыстан әдейі іздеп келіп едім,
Сөзіңді естиін деп балдан тәтті-ай.

Домбыра екі ішекті қолға алдым,
Сол үшін он екі алуан әнге салдым.

Алыстан ат сабылтып келіп едім,
Ақ жүзің бір көрсем деп қалқажанның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері