Дудар-ай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5561
Мариям Жағор деген орыс қызы,
Он алты, он жетіге келген кезі.
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мариямның айтқан сөзі.

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе,
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе.
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып,
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Ащыкөл, Тұщыкөл арасы бір,
Басыңа кәмшат бөрік жарасып тұр.
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Қолында Мариямның өткір қайшы,
Қағазға Мариям аты жазылсайшы.
Қор болып бір жаманға кеткенімше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дудар-ай өлеңінің авторы кім?

Мариям Жағорқызы — осы өлеңнің авторы.

Дудар-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дудар-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мариям Жағорқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дудар-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.