Дүние – Мұхит Мерәліұлы

Бұл бетте «Дүние» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5189
Ат басқа, доға басқа, шылия басқа,
Кез келсе қарамайсың, дүние-ау, кәрі-жасқа.
Көзіңе көрінгенді иттей қауып,
Көрсеттің жек көрініш, дүние-ау, қарындасқа.

Алғаның болса жаман бажылдаған,
Кірерсің күнде көрге, дүние-ау, қазылмаған.
Садақа жұма сайын берсең-дағы,
Тап болдың бір ауруға, дүние-ау, жазылмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері