Ақиіс – Мұхит Мерәліұлы

Бұл бетте «Ақиіс» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4040
Ұйқысыз, біздің Мұқтар қаршыға ұйқы,
Жақсының жүрген жері ойын-күлкі.
Келді де бір ақ сұңқар іле түсті,
Біз едік тауда ойнаған қызыл түлкі.

Мұқтардың бәйбішесі Қашым еді,
Жұлдызы өзгесінен басым еді.
Ақиіс келгеннен соң кеми берді,
Бір кезде желдей есіп, тасып еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері