Алуаш – Мұхит Мерәліұлы

Бұл бетте «Алуаш» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3726
Беліме асынғаным бұйда пышақ,
Көрдім де ақ жүзіңді жайдым құшақ.
Ақ Алуаш, отырмысың, жатырмысың,
Айдында жалғыз жүзген аққу құсап.

Сәулелі сенен сұлу көкте ай жоқ,
Сағынып іздемеске менде жай жоқ.
Барғанда әдейі іздеп елемесең,
Болғаның махаббатқа атқандай оқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері