Көтеріліп ұша да алмай көкке бір – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көтеріліп ұша да алмай көкке бір» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 790
Көтеріліп ұша да алмай көкке бір,
ертең деумен,
өртенбеумен өтті өмір,
айналамның бәрі ығысқан айбын да,
баяғыдай алып-ұшқан жоқ көңіл.
Жарық беріп тұрсам дейтін бар маңға,
азайыпты алқыныс та,
арман да,
Көк тіреген кеудем қайда деймін де,
қарай берем қатыгездеу жалғанға!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері