Ей, Ақмарал
Бұл бетте «Ей, Ақмарал» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,
Жасымнан еркеледім емін-еркін.
Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.
Келмейді тұрсам күлкім-ей, жатсам ұйқым,
Сіңірмес ішкен асты сенің дертің.
Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.
Бұлбұлдың даусы жақсы-ей, сайрағанда,
Тарантас қозғалады майлағанда.
Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.
Өтпейді ішсем асым-ей, тамағымнан,
Қалқатай не болар деп ойлағанда.
Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі