Еркем-ай /1-нұсқа/ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Еркем-ай /1-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 2
  • 33045
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Әншілердің серігі домбыра ма,
Тарта берсең домбыра болдыра ма.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Домбыраны баппенен қолға алып,
Шарықтата әнге сал оң бұра да.

Еркем-ай,
Бүгінгі күнің тамаша,
Ертең бұдан көркем-ай,
Еркем-ай,
Бүгін болған тамаша,
Болсын тағы ертең-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Қазына

Керемет

Сырғалым

Күшті

Осы автордың басқа өлеңдері