Жайма қоңыр

Бұл бетте «Жайма қоңыр» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3276
Тәкаппар неге керек пасық кісі,
Ойнайды көзін қысып ғашық кісі.
Білдірген көңіл сырын ишаралап,
О дағы ғашықтықтың басыртқысы.

Тәкаппар неге керек менмен кісі,
Өлеңді неге айтпайды білген кісі.
Алыстан сұлу көркің көз тартқандай,
Қасыңнан неге кетсін келген кісі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері