Жеңеше – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жеңеше» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2251
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам табылмас ексем жерге.
Намаздыгер, намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.

А-а-ай, жеңеше-ай.
Мінезің сенің өзгеше-ай.

Айдап салдым жылқымды ошағанға,
Салсам құрық жетпейді қашағанға.
Аулың шалғай кеткенде, беу қарағым,
Нендей медет етейін жасағанға.

А-а-ай, жеңеше-ай.
Мінезің сенің өзгеше-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері