Жиырма бес – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жиырма бес» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4512
Беріп кет сақинаңды мыс та болса,
Жүрейік күліп-ойнап қыс та болса.
Таста да етігіңді байпақшаң кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса.

Аха-хау, жалған,
Жиырма бес қайта айналып,
Дүние-ау келмес саған.

Қайғысыз қара жүрек зарламайды,
Екі дос бірін-бірі алдамайды.
Қара тас ұйқың келсе болар мамық,
Шын ғашық сұлулықты таңдамайды.

Аха-хау, жалған,
Жиырма бес қайта айналып,
Дүние-ау келмес саған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері