Илигай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Илигай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3417
Кел деп едің, Илигай, келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын.
Сертке тұрсаң мен сендік, жаным құрбан,
Сырым осы, сертімді беріп тұрмын.

Илигай деп атыңды қойдым таңдап,
Әнге қостым атыңды әдейі арнап.
Еркін таудың еркесі елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын ерке саңлақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері